Описание слайда:
1. Жай сөйлем бойынша талдау 1. Жай сөйлем бойынша талдау Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі. 2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді. Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп , мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады. Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.