Описание слайда:
Өнеркәсіптік заттардың әсер етуі кезінде белгілі патологиялық үрдістердің-қабыну, дистрофия, сенсибилизация, фиброз, жасушаның хромосамалық аппаратының зақымдануы, канцерогенді әсері және т.б. ішінен кез-келгені дамуы мүмкін. Бұл кезде әрбір заттың өзіне тән, меншікті ағзаға әсері де болады, сондай-ақ өзі жататын химиялық класына (тобқа) тән қасиеттерінің әсерін де көрсетеді. Өнеркәсіптік заттардың әсер етуі кезінде белгілі патологиялық үрдістердің-қабыну, дистрофия, сенсибилизация, фиброз, жасушаның хромосамалық аппаратының зақымдануы, канцерогенді әсері және т.б. ішінен кез-келгені дамуы мүмкін. Бұл кезде әрбір заттың өзіне тән, меншікті ағзаға әсері де болады, сондай-ақ өзі жататын химиялық класына (тобқа) тән қасиеттерінің әсерін де көрсетеді. Өнеркәсіптік улардың ішінен тітіркендіргіш, нейротропты заттарды, бүйрек уларын, қан уларын, мутагендерд,і аллергендерді, канцерогендерді, теротогендерді және басқаларын ажыратады. Бұлай бөлуі улардың минимальды мөлшерде әсер етуі кезінде білінетін, таңдамалы әсер сипатын көрсетеді. Жоғарырақ дозаларында (концентрацияларында) немесе зат ұзақ уақыт әсер еткенде жалпы уландыратын әсерінің белгілері дамиды. Жанасқан жерінде қабыну тудыратын тітіркендіргіш заттарға хлор, күкірт ангидриді, азоттың қос тотығы, қышқылдар мен сілтілер және басқалары жатады. Органикалық еріткіштердің, бірқатар металлдардың әсеріне жүйке жүйесінің басым зақымдануы тән. Гепатотропты уларға төртхлорлы көміртегі, аллил спирті және т.б. жатады; Айқын аллергенді қасиетке хром, формальдегид, бериллий және басқалар ие. Этиленгликоль және мышьякты сутегі көбінесе бүйрекке әсер етеді. Мутагенді, тератогенді, канцерогенді және гонадотропты әсері бар заттарға бенз(а)пирен, никель, алты валентті хром, гидразин және оның туындылары, этиленамин, органикалық асқын тотықтар жатады.