Описание слайда:
2011-2015 жж. «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасымен біріктірілген ҚР-дағы онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында балалар онкологиясы мен гемотологиясы, клиникалық морфология мен онкоцитология, жоғары технологиялық сәулелік терапия, ядролық медицина, радиохирургия мен брахитерапия мамандары халықаралық үздік тәжірибені меңгеру мақсатында шетелге оқуға жіберілген болатын. Бұл Ресей, Латвия, Беларусь, Германия, Франция, Түркия, Чехия, Үндістан, Моңғолия, Хорватия, Словакия және т.б. сияқты елдер. Бірнеше рет шетелдік мамандар Қазақстанға да келген болатын

Жоғарыда аталған бағдарламаның аясында аймақтардағы сырқаттанған адамдарға көмек көрсететін онкологиялық диспансерлер мен денсаулық сақтау ұйымдары заманауи құрылғылармен жабдықталған (компьютерлік және магнитті-резонанстық томографтар, сандық маммографтар мен рентген аппараттары). Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында радиациялық онкология жоғары технологиялық орталықтарын жабдықтау үшін заманауи радиологиялық құрылғылар сатып алынды (сызықтық үдеткіштер, компьютерлік томографтар). Бұл сәулелік терапияны заманауи деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.
Заманауи технологияларды енгізу жалғасып келеді. Өкпе, асқазан, өңеш пен колоректальді обырмен сырқаттанған пациенттерге жоғары мамандандырылған төменгі инвазивті эндоскопиялық хирургиялық көмек көрсетіледі.
Жыл сайын стационарлық және амбулаторлық деңгейде дәрілермен қамтамасыз ету шығындарын өтеу онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарды мамандандырылған емдеумен қамсыздандыру деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Стационарды алмастыру технологияларды дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.