Описание слайда:
Сыраны көп ішкен адамның бүйрегі, бауыры, жүйке жүйесі, асқазаны, өт жолдары ауырады. Бауыры, бүйрегі ісініп, адамның іші қампиып кетеді. Одан соң жүрегі ауырады. Сыраның құрамындағы көмірқышқыл газы қан тамырларына күш түсіреді. Қан тамырларына күш түскесін, жүректің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді. Мұны дәрігерлер «жүректің сыра синдромы», кейде «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды. Сыраны көп ішетін әйелдердің әйел сиқы қалмайды, дене тұрқы ерлердікіндей болып өзгеріп, кейбір әйелдерде тіпті мұрт шығатын болады. Арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер жиі кездеседі, Әйелдер ерлерге қарағанда арақтың ырқына тез көнеді. Ерлер бес-алты жыл ішкеннен кейін араққа салынып кететін болса, әйелдерге екі-үш жыл жеткілікті екен. Себебі ер адамның ағзасында спиртті ішімдіктің зардаптарынан сақтандыратын ферменттер асқазан мен бауырда болса, әйелдерде тек қана бауырда ғана болады екен. Әйелдердің тез маскүнем болатыны, бірақ өте қиын емделетіні содан болса керек. Б.Мұрзатілеуованың айтуынша, бұрын 3-4 жыл бойы алкогольді ішімдік ішкен адамдарға созылмалы маскүнемдік диагнозы қойылатын болса, қазір адамдар бір жылдың ішінде араққа тәуелді болып қалу жағдайлары жиі кездеседі екен.