Описание слайда:
СІЛЕКЕЙ ШҰБЫРУ. Бұл токсикоздың жеке түрі ретінде де, тоқтаусыз құсу кезінде де білінеді. Бөлініп шығатын сілекейдің мөлшері орташа, кейде едәуір көп. Кейде сілекейдің мөлшері 1 литрге дейін барады. Мұндайда ұйқы бұзылады, тері және еріннің шырышты қабықтары былжырайды, тәбет нашарлап, сұйықтық көп жоғалғандықтан, науқастың салмағы азайып, жүдей бастайды.

Емі. Науқасты емдеу негізінен құсу кезіндегі ем сияқты. Ауыр жағдайларда ауруханаға жатқызады. Жүйке жүйесінің жұмысын реттейтін дәрілер, жалпы әлдендіргіш дәрілер беріледі. Қоса-қабаттасқан ауруларды басу үшін қажетті емдер қолданылады. Ауыз қуысын түймедақ, шатыраш өсімдіктерінің тұндырмасымен, ментол ерітіндісімен шаяды. Сілекейдің шұбыруы күшейген кезде атропинді қолдануға болады. Терінің тітіркенуін азайту не басу үшін оған вазелин жағып қояды. Сілекейдің шұбыруы емдеуге келеді, сондықтан жүктілік кезеңі қалыпты өтеді.
ШЕМЕН (водянка). Ісіну пайда болады, несептің бөлініп шығуы қиындайды, дене салмағы тез ұлғаяды. Несепте патологиялық әлементтер болмайды, артериялық қысым қалыпты. Бұл қысқа уақытқа ғана созылады. Кейбір науқастарда өршіп, нефропатияға ауысуы мүмкін. Бұл жүктіліктің екінші жартысында экстрагенитальді ауруларға байланысты емес ісінулердің пайда болуымен анықталады. Кейде ісінулер жасырын түрде болуы мүмкін.
Емі. Сұйықтықты тәулігіне 700-800 мл-ге дейін, ал ас тұзын 3-5 г-ға дейін азайту керек. Ас құрамында дәрумендер мол болуы тиіс. Көбіне сүттен жасалған аспен тамақтанған жөн. Тағамға сондай-ақ өсімдік майларын көбірек қолдану керек. Мұнда да тыныштық сақтау керек. Егер ісінулер айқын болса, ауруханаға жатқызады. Күніне сұйықтықты азайтып, 1 келідей алма, 400 грамдай сүзбе жеу керек. Көктамыр ішіне глюкоза енгізеді, диуретиктер беріледі.