Описание слайда:
Сілекей ағу. Бұл дерт жеке немесе құсумен бірге кездеседі. Кейде әйелден тәулігіне бір литрден көп сілекей ағады. Аузы, ерні кебірсіп, тілінеді, тәбеті төмендейді, әйел қатты жүдейді. Бұл жағдайда да құсу кезінде қолданылатын ем тағайындалады. Жүкті әйелдің дерматозы әйел денесінің әр жері, әсіресе, сыртқы мүшелері, қолы, аяғы, кеуде терісі қышып, қасынғаннан қотырлар пайда болады. Кейде денеде эритема, болмаса экземаға ұқсас бөртулер шығады. Дененің қышуы әйелдің мазасын алады, түнімен дұрыс ұйықтатпайды. Жүкті әйелдің сары ауруы. Бұл ауруды әсіресе басқа көп аурулардан (инфекциялық гепатит, өт аурулары, мерез, безгек, т.б.) айырып, анықтап алу қажет. Кейде бұл ауру құсықпен не болмаса кеш гестоздармен бірлесіп кездеседі. Қалай да болмасын, жүкті әйелдің сарғаюы өте қауіпті белгі болып есептеледі, бұл жағдайда әйелді бірден емханаға жатқызу керек. Бауырдың сарғайып солуы. Бұл ауру жеке, көбіне құсудың асқынған түрлерімен қосылып кездеседі. Жасушалардағы алмасу процестерінің бұзылуына байланысты бауыр кішірейіп, сола бастайды. Әйел сарғайып кетеді, жағдайы күрт нашарлап, жүйкесі қозып, бауыр комасынан өліп кетуі де ықтимал. Сондықтан, тез арада жүктілікті үзу керек. Остеомаляция – сүйектің жұмсаруы. Бұл фосфор-кальций алмасуының бұзылуы салдарынан пайда болатын дерт. Сүйектерде кальций, фосфор азайып, сүйек жұмсарады. Сүйектердің пішіні өзгеріп, бұлшық ет жұқарады. Әйелдің жүрісі өзгеріп, ақсаңдап, жүріп-тұруы қиындайды. Бір қуантары, бұл ауру сирек кездеседі. Бірақ қазіргі кезде оның жеңілдеу түрі – остеопатия жиі кездесіп жүр. Жүкті әйелдер сүйектің, әсіресе, жамбас сүйектерінің сырқырап ауырғанын сезінеді.