Описание слайда:
Торпидті фаза шоктың 3 дəрежесін ажыратады: Торпидті фаза шоктың 3 дəрежесін ажыратады: Шоктың I дəрежесі: Компенсирленген, вазоконстрикция басым: жалпы жағдайы ауыр бозғыл, ерні жəне саусақ тырнақтары көгерген, беткей тыныс, гипотермия белгілері болады. ОЖЖ жағынан симптоматикалар: əлсіздік, баяу реакция, қарашықтың тарылуы. Кардиоваскулярлы өзгерістер: артериалдық қысым аздап төмендеген немесе қалыпты, баяу пульс. Шоктың II дəрежесі: Субкомпенсирленген вазодилатация басым: жалпы жағдайы өте ауыр, цианоз өте айқын, тынысы жиілеген, беткей, гипотермия, қатты шөлдеу, олигоанурия. Церебралды синдром: есінің жеңіл бұрмалануы, қарашық кеңейген, жарыққа реакциясы баяулаған. Кардиоваскулярлы синдром: жүрек үндері тұйықталған, гипотония, тахикардия, экстрасистолия, толымсыз пульс, перифериялық веналардың тереңдеуі. Қанда метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия. Шоктың III дəрежесі: Декомпенсирленген, вазоатония басым: жалпы жағдайы өте ауыр, тотальды цианоз, гипотермия, беткей тыныс, жиі Чейна-Стокс типті, анурия. Церебральды синдром: сан сезімі жойылған, толық адинамия, қарашық кеңейген, жарыққа реакция жоқ, сезімталдығы жоғалған. Кардиоваскулярлы синдром: жіп тəрізді пульс, систолалық АҚ 50 мм.с.б.б. төмендеген, жүрек үндері тұйықталған, аритмия, қанда метаболикалық ацидоз, ауыр гипоксемия, тіндер мен мүшелерде екіншілік қайтымсыз өзгерістер.