Описание слайда:
1.2.2 Жануды тежегіштер
Жалпы бағытталған жану тежегіштері әртүрлі материалдардың жанғыштығын тиімді төмендететін заттарға жатады. Алайда олардың тиімді әрекет етуі көп жағдайда материалдың түріне байланысты болады.
Жалпы бағытталған жану тежегіштері ретінде ең жиі гексабромбензол, пентабромтолуол және басқа да ароматты бромдалған және хлорланған қосылыстарды, хлорпарафинді, хлорланған полиэтиленді, полфинилхлоридті, поливинилбромидті, галогенделген фосфорлы қосылыстарды, мысалы, трис(2,3-дибромпропил) фосфат, три(хлор-этил) фосфат, галогенделген полифосфаттар, фосфазендер, фосфорлы қышқылдардың амидтері, сияқты фосфоразоты заттарды, ароматты фосфаттар сияқты фосфорлы заттарды, қызыл фосфорды, трис (оксиметил)фосфоний тотығын, тетракис(оксиметил)фосфоний хлоридін пайдаланады. Жанғыштығын төмендету әсері тек жануды тежегіштің концентрациясы және түрімен ғана емес, материалдың түрімен де анықталады. Әдетте термопласттардың жанғыштығын төмендету термореактивті материалдаға қарағанда қиын болып келеді, себебі реактопласттарда молекулалардың орналасуы термопласттар мен эластомерлерге қарағанда әлдеқайда тығыз болып келеді. Жануды тежегіштер әрекетінің тиімділігі материалдың түрінен тәуелді болады (пластмасса, эластомер, мата, пенопласт және т.б.). Резиналар және каучуктар үшін жануды тежегіштер ретінде хлорпарафинді, құрамында хлор немесе бром болатын полимерлерді, бромдалған эпоксидті шайырларды, фосфазендерді және сонымен қатар пластификаторлар болып келетін фосфаттардың пайдаланады. Маталар мен талшықтардың жанғыштығын төмендету үшін оларды фосфордың аммонийлі тұздарының ерітінділерімен, фосфонийлі қосылыстардың әртүрлі аминдермен қоспаларымен, азотты қосылыстармен төмендетеді.