Описание слайда:
Түсті металдар
Түсті металдар – темірден басқа барлық металдардың өнеркәсіптік атауы. Физикалық және химиялық қасиеттері мен жер қыртысында орналасу сипатына қарай түсті металдар темір емес металдар деп те аталады.
хром
Түсті металдарды:
жеңіл (алюминий, магний, титан, берилий, литий, т.б.),
ауыр (мыс, никель, кобальт, қорғасын, қалайы, мырыш, т.б.),
баяу балқитын (вольфрам, молибден, ниобий, тантал, хром, цирконий, т.б.),
асыл немесе қымбат бағалы (алтын, күміс, платина және платиндық металдар),
шашыранды (галий, индий, талий),
сирек жер (скандий, иттрий лантан және барлық лантаноидтар),
радиоактивтік (технеций, франций, радий, полоний, актиний, торий, протактиний, уран және басқа трансуран элементтері) деген топтарға бөлуге болады.