Описание слайда:
Барлық кешен немесе бөлек объекті құрылысының сметалық құны құрылыс және жинақтау жұмыстарының өндірісінен, инженерлік және техникалық жабдықтарын, аспаптарды, құралдарды, инвенторларды сатып алуға кететін шығындардың және басқа шығындардың жиынтығынан тұрады.

Құрылыс жұмыстарының шығындары жалпы құрылыс (жер қазу, тас қалау, әрлеу, құрастырмалы конструкцияларды жинақтау және басқа) және арнайы (су құбырларын, канализацияны, жылытуды газофикацияны жасау, электрмен қамтамасыз ету, байланыс сызықтарын жүргізу және т.б.) жұмыстарын орындаумен, құрылысқа аймақты дайындаумен (алаңды жоспарлау, құрылыстарды бұзу және т.с.с.), аймақты абаттандыру мен көгалдандырумен байланысты. Құрылыс жұмыстарының құнында тағы да санитарлы-техникалық жабдықтарын жинақтау шығындары ескеріледі.
Жабдықтарды, құралдарды және инвертарларды сатып алу шығындарына технологиялық, отын, көтеру-тасымалдау, электр қуаты, бақылау, өлшеу және басқа жабдықтардың, тағы да тасымалдау құралдардың, жиһаздардың, өндірістік және шаруашылық аспаптар мен құралдардың, басқалардың сатып алу құндары кіреді.