Описание слайда:
Емдің тамақтану:
Тамақтан асқазан-ішек жолдарына сіңірілетін темірдің максималды саны — тəулігіне 2 г. Жануар текті өнімдердегі темір, өсімдік өнімдерімен салыстырғанда ішекте көп мөлшерде сорылады. Əсіресе гемнің құрамына кіретін еківалентті темір өте жақсы сорылады. Ет темірі жақсы сорылады, ал бауыр темірі нашар, себебі бауырдағы темір көп жағдайда ферритин, гемосидерин, сонымен қатар гем түрінде болады. Аздаған мөлшерде темір жұмыртқа мен жемістерден сорылады. Барлығынан жақсы бұзау етінің темірі (22%) сорылады, балықтан (11%); жұмыртқа, ас бұршақтан 3% темір, күріш, шпинат, жүгеріден - 1%.
Науқасқа құрамында темір бар келесі өнімдер ұсынылады: сиыр еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, қарамұмық ұнтағы, ас бұршақ, ақ саңырауқұлақ, какао, шоколад, көкөністер, бұршақ, фасоль, алма, бидайық, шабдалы, жүзім, алқоры, сельдь, гематоген. 0.75-1 л тəуліктік дозада, ал жақсы көтерген жағдайда 1.5 л дейін қымыз ішу . Алғашқы екі күнде науқасқа əр ішкенде 100 мл қымыздан артық бермейді, үшінші күннен бастап науқаса 250 мл күніне 3-4 рет қабылдайды. Дұрысы қымызды таңертеңгілік ас алдында 1 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін, түскі жəне кешкі ас алдында 2 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін қабылдау.