Описание слайда:
Сәлем беру, сәлем ету. Алыс жолдан келген жолаушы немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру – қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей жөн білетін ақсақалдарымыздың өзі амандасуды да ұят көрмеген. Егер сәлем ер азаматтарға байланысты болса, сәлем берді деп айтылады. Сондай-ақ, ақ жаулық тағып, келін деген асқақ атты иемденген нәзік жандыларымыз да үлкендерге сәлем салған. Ондайда, жанындағылар үлкендерге «пәленшенің келіні сәлем беріп жатыр» деп жеткізеді. Мұндайда көне көз қарияларымыз «Көп жаса, бақытты бол» деп бата қайырған. Егер сәлем әйел затына қатысты болса, сәлем етті деп айтылады.

Ат тергеу. Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі – ат тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңілсінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып, «мырза, қайнаға, бай атам, би аға, жалқы бала, тентегім, еркем» әйел болса, «шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым, күлімкөз деп атайды. Мұның бәр шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар да өзінен үлкендерді «ата» әке, Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады.